• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Сайлау 23 Қараша, 2022

Елдің дамуы үшін зор маңызға ие

270 рет
көрсетілді

Өткен президент сайлауы осы жыл бойы нығая түскен қоғамдық шоғырлану тұрғысында елдің дамуы үшін зор маңызға ие. Маусым референдумында қазақстандықтардың 77 пайыздан астамының конституциялық реформаны мақұлдауы азаматтардың іс басындағы билікті қолдауын көрсетті.

Дауыс беру қорытындысында 80 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді жеңісі биліктің жүзеге асырып жатқан, сонымен қатар болашаққа жоспарлап отырған іс-әрекетін азаматтардың қолдайтынының жарқын көрінісі. Осылайша, егер референдум қоғамның шоғырлануының жаңа деңгейге көтерілуін көрсетсе, президенттік сайлау азаматтық қоғамның нығаюына сапалы, тың мазмұнды сипат берді.

Сайлау бүгінде қоғам мен би­­лікте ел дамуының келеше­гіне бірыңғай түсінік бар екен­дігін қуат­тады. Жалпы, үлкен элек­торал­ды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқ­талды деуге болады. Келесі кезек – парламенттік және мәс­ли­хат­тар сайлауы. Қорыта келген­де, қоғам биліктің шоғырла­нуын нығайтып, мемлекеттік инсти­тут­тардың тұрақты жүйесін қалыптас­тырып, еліміз әлемдегі құбылмалы күрделі кезеңде қажетті нық әрі тұрақты қор жинақтайды.

 

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші