«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, Астана, Атырау, Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Қолайсыз метеожағдайлар пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).