• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Қараша, 2022

Әлем чемпионаты: Бельгия Канададан басым түсті

249 рет
көрсетілді

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Бельгия мен Канада кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ойында еуропалық кұрама жеңіске жетті. Матчтың 44 минутында Мишель Батшуайи шешуге гол соқты. Карраско, Менье, Онана, Дэвис, Джонстон ойыншылары ескерту қағазын алды.

Қазір Бельгия F тобында көш бастады. Енді бельгиялықтар турнирдегі келесі кездесуін 27 қараша күні «Атлас арыстандарына» қарсы өткізеді. Дәл сол күні Канада мен Хорватия өзара мықтыны анықтайды.