• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қараша, 2022

Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін Астанада 2008 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнир Баршын көшесі, 30/2 мекенжайындағы № 5 ЖМББМ ғимаратында өтеді.

Алдын ала өтінім бойынша ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде медальдар мен дипломдар жиынтығы ойналады. Сондай-ақ жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер аталады.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 24 қарашада өтеді, жарыс 29 қарашаға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар