29 қараша күні Талдықорғандағы Орталық саябақтың аумағында 41 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ.
«Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталып, түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады», деп жазылған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.