• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2022

Қазақстанда макарон өнімдерін өндіру көлемі артты

490 рет
көрсетілді

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жатқан макарон өнімдерін шығаратын 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биылғы көрсеткіштер 5,8%-ға өскен. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады. 

Айта кетсек, шетелге 47,1 мың тонна макарон өнімі экспортталды, бұл көлем 2021 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде қалды. Қазақстандық макаронның негізгі тұтынушылары - Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан.

«Макарон өнімдерінің аз көлемі Қазақстанға импорттала бастады. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2%-ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған еді», делінген ведомство ақпаратында.