30 қарашада Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орынды тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Іле ауданы Полиция басқармасында тіркелді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Калашников автоматының 3 бірлігін, Макаров жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден астам түрлі патрондарды тауып, тәркіледі», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.