• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Желтоқсан, 2022

Қызылорда облысының әкімі тағайындалды

380 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар