• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Желтоқсан, 2022

Еуропалық одақтың жетекші серіктесіне айналды

256 рет
көрсетілді

Соңғы кездері Еуропа саясаткерлері Қазақ­станға жиі келе бастады. Олардың Орталық Азия еліне мұндай бұрын-соңды болмаған қызығушылығының себебі неде және бұл әлемдік саясат үшін нені білдіреді?

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға күрделі геосаяси жағдай кезінде келді. Дегенмен Париждегі кездесулердің саяси аспектісіне тоқталсақ, одан ешқандай қауіп, саяси өзгеріс күтуге болмайды. Жалпы, Қ.Тоқаев президенттігінің басынан бастап елді нақты демократияландыруға: президенттік институттың саяси ықпалын азайтуға және ел өміріндегі парламенттің рөлін арттыруға бет бұрды. Бұл еуропалық саяси құндылықтар парадигмасына толығымен сәйкес келеді, әсіресе, мұндай басқаруды Франция қолдайды. Ал саяси құндылықтардың сәйкес келуі елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Еуропалық одақ – жалпы инвестиция көлемі 160 миллиард долларды құрайтын Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Өз кезегінде Қазақстан – 24 миллиард долларды құрайтын екіжақты сау­дасымен ЕО-ның аймақтағы жетекші сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан 170-тен астам француз компаниясымен байланыс орнатқан.