Түркияның Самсун портында кемедегі мұнай сақталған цистерналардың бірі жарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыдан кейін кеме өртенген.
Аумаққа өрт сөндірушілер дер кезінде жеткен. Экипаждың көмегімен өрт локализацияланып, сөндірілді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі сәтте өрттің шығу себептері анықталып жатыр.