Бүгін Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.