• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Желтоқсан, 2022

Алматыда көкөніс дүкенінен өрт шықты

378 рет
көрсетілді

Алматының Бостандық ауданында түнде көкөніс қоймасынан өрт шығып, газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні сағат 23:19-да өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері Бостандық ауданындағы Тілендиев көшесі, 363/1 үйіне барды.

«Анықталғандай көкөніс қоймасынан өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жоғары температура әсерінен бір газ баллоны жарылған, екінші баллон өрт сөндіру қызметі келген кезде жарылған. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жанып жатқан бөлмеден шыққан өртті сөндіру барысында әрқайсысы 50 литрлік 2 газ баллоны эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деді ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 4 минут ішінде оқшауланып, сағат 23:36-да жойылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.