• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Желтоқсан, 2022

Боготада бақ сынайды

192 рет
көрсетілді

Кеше Колумбияның бас шаһары – Боготада ауыр атлетикадан кезекті әлем чемпионатының алауы тұтанды. Дүние жүзінің 93 елінен келген 550-ге жуық зілтемірші 20 салмақта (ерлер – 10, әйелдер – 10) күш сынасады.

Биылғы әлем біріншілігіне Нұржан Сма­ханов жаттықтыратын Қазақстан құрама­сынан 13 спортшы (9 ер, 4 әйел) аттанды. Атап айтар болсақ, Колумбияда ел намысын әлем және Азия чемпионы Арли Чонтей (55 кг), Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов (89 кг), жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы (96 кг), жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Артем Антропов (102 кг), сондай-ақ түрлі додада ел қоржынына жүлде салып жүрген Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), Асылжан Бектай (89 кг), Әлішер Сейітқазы (96 кг), Айша Омарова (81 кг), Айым Есжанова (87 кг) және Любовь Ковальчук сынды спортшылар қорғайды.

Бір айта кетерлігі, 16 желтоқсанға дейін жалғасатын Боготадағы толағайлар бәсеке­сінде 2024 жылы Парижде ұйымдасты­ры­латын Жазғы Олимпия ойындарының жолдамасы сарапқа салынады.