• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Желтоқсан, 2022

ӘЧ: Португалия ширек финалға жолдама алды

255 рет
көрсетілді

Әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойыны аясында Португалия құрамасы Швейцарияны 6:1 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Португалиялық футболшы Гонсалу Рамуш 17, 51, 67-минуттарда гол соғып, хет-трик жасады. Сондай-ақ Пепе (33), Рафаэль Геррейро (55) және Рафаэль Леао да (90+2) бір-бірден гол соқты.

Ал швейцариялықтар сапынан Мануэль Аканджи ғана көзге түсті. Ол ойынның 58-минутында еншісіне бір гол тіркеді.

Осылайша, Португалия жарыстың ширек финалына өтті. Енді олар ширек финалда Марокко құрамасымен кездеседі.