• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Желтоқсан, 2022

Жеңіс жалғасын тапты

210 рет
көрсетілді

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойынын «Барыс Аренада» Қазанның «Ак Барс» клубымен өткізді.

Өткен турда Өфенің «Салават Юлаев» ұжымын 2:1 есебімен жеңген жерлестеріміз бұл жолы «Ак Барсты» буллит сериясында қапы қалдырды – 3:2. Ойынның алғашқы бөлігінде «Барыс» хоккейшілері қарсыластары қақпасына екі шайба соғып, жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп тас­тады. Кездесудің 9-минутында Аркадий Шестаков есепті ашса, бірінші кезеңнің аяқталуына санаулы минут қалғанда Алекс Грант «4х4» форматында мергендік танытты.

Екінші кезеңнің бел ортасына жеткенде «Ак Барс» хоккейшісі Никита Дыняк есеп айырмасын қысқартса, үшінші кезеңнің аяқталуына бес минут қалғанда Кирилл Петров таразы басын теңестіріп, ойынды овертаймға ұластырды. Дегенмен қосымша уақытта да екі команда хоккейшілері бір-бірінен айласын асыра алған жоқ. Ал буллиттер сериясында «Барыстың» бағы жанды – 3:2.

Тұрақты біріншіліктің командалары ҚХЛ-дің «Жұлдыздар матчы» мен «Бірінші арна кубогі» халықаралық турнирлеріне байланысты 19 желтоқсанға дейін үзіліске шықты. «Барыс» келесі ойынын 19 желтоқсанда Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикпен» өткізеді.