• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Желтоқсан, 2022

Гран-при кезеңіне қатысады

146 рет
көрсетілді

Кеше Сауд Арабиясының астанасы – Эр-Риядта таэквондодан Гран-при кезеңінің финалы басталды.

Спортты дамыту дирекциясының мә­ліметі бойынша, Париж Олимпиадасына жетелейтін рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын турнирге әлемдік таэквондо жұл­дыздары қатысып жатыр. Ал бұл аламанға Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы барады. Олар – Токио Олимпиадасына қатысушылар Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг).

Жалпы, Олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта (4 ер, 4 әйел) 40 елдің 128 даянг шебері жылды қорытындыламақ. Гран-при жарысында ұпайдан бөлек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болады.