• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Желтоқсан, 2022

Түркістанда жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып, қашып кеткен

217 рет
көрсетілді

Түркістанда жаяу жүргіншілер өткелінде екі әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Полицейлер анықтағандай, Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз көлік жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан екі әйелді қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарымен жаяу жүргіншілер ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бірден екі бап бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша, және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тіркелді. Оқиға болған жерді қарау кезінде айна сынықтары және басқа да айғақ заттар алынды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде полицейлер олардың ВАЗ-2106 автокөлігіне тиесілі екенін анықтады. Полицейлер 24 сағат ішінде жүргізушіні тұрғылықты жерінде анықтады. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.