• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Желтоқсан, 2022

Перудың бұрынғы президенті түрмеге қамалуы мүмкін

223 рет
көрсетілді

Биліктен қуылған экс-президентке Перуде бүлік ұйымдастырмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта Педро Кастильоны полиция қамауға алып, бірқатар қылмыс жасады деген айыппен 10 тәулікке тергеу изоляторына қамады. Солардың ішіндегі ең ауыры – бүлік шығаруға әрекет жасау (Перу Қылмыстық кодексінің 346-бабы). Егер оның кінәсі дәлелденсе 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар экс-президентке билікті асыра пайдаланды және қоғамдық тыныштықты бұзды деген айып тағылып отыр. Бұдан бөлек, оның сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы тексеріледі. 

Айта кетейік,  7 желтоқсанда парламент Кастильоны биліктен алып тастады.