• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 09 Желтоқсан, 2022

Алматының 2023 жылға арналған бюджеті бекітілді

532 рет
көрсетілді

Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджеті 1 триллион 258,2 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда 2023 жылға арналған қала бюджетін бекітті. 2022 жылға арналған бюджет түсімдерінің болжамды бағалауы бойынша 2023 жылға арналған кірістер болжамының өсімі шамамен 103 пайызды құрайды.

Сонымен қатар қала бюджеті келесідей бөлінеді:

- мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің еңбекақысына, вакцина сатып алуға, халықты әлеуметтік қолдауға 776,6 млрд теңге;

- инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға 230 млрд теңге;

- бюджет қаражатын алып қоюға 207,2 млрд теңге;

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша міндеттемелер және мемлекеттік қарызды өтеу бойынша 21,4 млрд теңге;

- Алматы қаласы әкімінің резервін толықтыруға 22,5 млрд.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2520 орындық 10 мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда, тағы 5 мың орын мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаларға беріледі.

Жалпы 337 мың оқушы оқитын 211 мектеп, 16 интернат, 50 колледж салуға 242,5 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Тағы 2,2 млрд теңге 18 мектептен тыс ұйымдардың қосымша білім беруіне қарастырылған.

Сондай-ақ қайта даярлау және біліктілігін арттыруға арналған 2505 қызметкерін дайындау, 3000 мектеп мұғалімін, 150 басқарушы персоналды арттыруға 2,8 млрд теңге бөлінеді.