Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас UBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін Танзания өкілі Лулу Каягемен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл Ангелина Лукастың кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегі. Ол он раундқа жоспарланған еді, бірақ екі раундқа ғана созылды. Каяге жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп, UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, Лулу Каяге тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады.
Алдыңғы жекпе-жегінде Лукас UBO International титулын жеңіп алды.