• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Желтоқсан, 2022

Президент: Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту маңызды

281 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Үкімет отырысында әділетті нарықтық экономика құрудың жолдарын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әділ және тиімді экономикалық саясат жүргізілуі керек. Елімізде әділ бәсеке орнап, бизнес адал жұмыс істесе, әділетті нарықтық экономика құрылады. Ең алдымен, отандық кәсіпкерлердің сенімін арттыру өте маңызды. Экономиканы монополиядан арылту үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия қажетті жұмысты тиімді жүргізіп жатыр», деді Президент.

Сондай-ақ қазір жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен активтерді қайтаруға баса мән беріліп отыр. Бірақ, Мемлекет басшысының айтуынша, кейбір мәселелер назардан тыс қалып барады.

«Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, монополистерді өзіне жанама қатысы бар нарықтың қызметіне араластырмау – өте маңызды жұмыс. Әкімшілік кедергілерді азайтып, нарыққа баға белгілеу арқылы қысым жасауды тоқтату керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Бас прокуратураның жанынан арнайы құрылған комиссияның жұмысына қатысты да пікір білдірді.

«Комиссия заңсыз жолмен алынған және сыртқа шығарылған активтерді мемлекетке қайтарумен шұғылданады. Мен жақында арнайы Жарлыққа қол қойдым. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстың аясы нақтыланды. Осы шаруамен айналысатын қызметтер ұйымдастыру және кадрлық жағынан күшейтіледі. Жұмыстың тиімділігі артады деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.