Боготада (Колумбия) өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес 397 келіні (жұлқа көтеруде 185 және серпе көтеруде 212) бағындырып, жеңіске жетті. Екінші орынды қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы - 383 (174 + 209) иеленсе, колумбиялық Джор Морено - 380 (171 + 209) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл медаль өткен әлем чемпионатындағы екінші медаль болды - бұған дейін Алексей Чуркин 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын.