Қазақстан биатлон құрамасының өкілі Арина Крюкова Валь Мартеллода (Италия) өткен IBU Junior Cup турнирінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 113 спортшы қатысты. Сондай-ақ стартқа Ксения Долгополова мен Мария Полдяева қатысып, 39 және 49-орындарды иеленді.