• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 14 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда халықаралық конкурстар мен фестивальдар өтеді

548 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында Президенттің сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының бірегей нысандарын ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне номинациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

2025 жылғы жоспар бойынша ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясы әзірленуде. Бұл дәліз 6 объектіні қамтиды. Атап айтқанда, Сауран, Отырар, Ясы, Жеті Асар, Жанкент, Сығанақ нысандары. Бүгінде аталған обьектілер бойынша номинациялық құжаттамалар дайындалып жатыр.

Қабылданған шаралар нәтижесінде туристер саны ұлғаяды деп күтілуде. Осы трансұлттық номинация бойынша Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

2021 жылғы қарашада Үкімет Креативті индустрияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Алайда құжаттың жетілдіретін тұстары көп. Бүгінге дейін уәкілетті органның құзіреті анықталмаған.

Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі креативті индустриялар ұғымын заңнамалық бекіту, саланы қолдау құралдары сияқты заңнамалық өзгерістерді енгізу бойынша бастамашылық етті.

2023 жылдан бастап Қазақтуризм шетелдік нарықта креативті субъектілерді қолдау шараларын қабылдауда, олардың қатарында:

1. Еуропа мен Азияның 5 қаласындағы заманауи өнер көрмелеріне қазақстандық суретшілердің жұмыстарын ұсыну;

2. Berlin Bazaar қолөнершілер көрмесіне қатысу;

3. Шетелдік галеристердің, аукцион өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласында Арт-жәрмеңке өткізу бар.

«Қазақстандық жұлдыздарды анықтау, сондай-ақ дарынды және талантты өкілдерді қолдау мақсатында Мәдениет және спорт министрлгі түрлі жанрды қамтитын халықаралық конкурстар мен фестивальдар өткізу көздеп отыр», деді министр Дәурен Абаев.

Олардың қатарында «Ортеке» халықаралық қуыршақ театрлар фестивалі, «Көшпенділер әуені» халықаралық этникалық музыка фестивалі, халықаралық скрипкашылар конкурсы, сондай-ақ «Опералия» фестивалі сияқты ірі шаралар бар. Барлық байқау мен фестивальді өткізу 2 000-ға жуық жасты қамтуға және 500-ге жуық талантты анықтауға мүмкіндік береді.