• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Желтоқсан, 2022

Семейдегі ЖЭО-да өрт шықты

300 рет
көрсетілді

Бүгін түнде Семейдегі №1 ЖЭО-да өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, өрт сағат 00:34-те 6 желілік метр аумақта конвейер лентасы мен электр кабельдерінен шыққан.

«Сағат 01:36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмірмен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10:00-ден бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері қазандықтарды қолмен жұмыс режимінде қатты отынмен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстарын бастады», деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.