• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Желтоқсан, 2022

Вадим Куралес халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды

263 рет
көрсетілді

Аустрияның Обертиллиах қаласында биатлоннан жастар арасындағы әлем кубогының 2-кезеңінде қазақстандық Вадим Куралес күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ол нысана көздеу кезінде 2 рет мүлт кетіп, жеңімпаз эстон Якоб Кульбиннен 22 секундқа қалып кетті. Спринтте жастар арасындағы әлем чемпионы Якоб бір мәрте нысананы жаба алмады. Үздік үштікті германиялық Ханс Кёльнер түйіндеді.

Вадим Куралес Францияның Мартель елді мекенінде өткен алғашқы кезеңде супер спринтте 11-ші, ал 12 шақырым масс-стартта 26-шы сатыдан көрінген. Бүгін 20 жасқа толған қазақстандық биатлоншы 136 ұпаймен жалпы рейтингте 6-орынға көтерілді.