АҚШ-тың Техас штатындағы мектеп округінің билігі оқу орындарының қызметкерлеріне жұмыс кезінде атыс қаруын алып жүруге рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұндай шешім мектептерде оқ ату оқиғаларының көбеюі аясында қабылданды.
Аудандық кеңес бұл қадам мектепке қарулы шабуыл жасалған жағдайда оқушыларды қорғауды қамтамасыз етудің жолы деп есептейді. Енді мұғалімдер қаруды қолдану бойынша арнайы оқу бағдарламасынан өз еркімен өте алады.
Ата-аналардың жаңа бастамаға қатысты пікірлері екіге бөлінген. Олардың кейбіреулері мұндай шешім балаларының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді деп есептейді.