Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі, 19 желтоқсанда Минскіге Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу үшін барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Тәуелсіздік сарайында жоғары деңгейдегі Беларусь-Ресей келіссөздері өтеді.
«Келіссөздер бағдарламасы өте бай. Оған мемлекет басшылары, сондай-ақ екі елдің үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысады. Бұл форматта тараптар Беларусь-Ресей интеграциясының ең өзекті мәселелерінің барлық кешенін егжей-тегжейлі талқылайды», делінген хабарламада.
Одан кейін президенттер келіссөздерді жеке форматта жалғастырады.