• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Желтоқсан, 2022

Надежданың қола жүлдесі

220 рет
көрсетілді

Бұл күндері Канаданың Калгари қала­сында конькимен жүгіруден Әлем ку­бо­гінің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Жа­рыс­тың екінші күнінде қазақ­стан­дық Надежда Морозова 1500 метр қашық­тықта мәре сызығын үшінші болып кесті.

Спортты дамыту дирекциясының бас­пасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, аталған жарыста отандасымыз 1000 метрге жарысуда биылғы Бейжің Олимпиадасы­ның чемпионы жапониялық Михо Такаги мен дәл осы қашықтықтағы қола жүлдегер нидерландық Антуанетта де Йонгке есе жіберіп, Әлем кубогі жарысының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Надежда осыдан тура бір апта бұрын дәл осы Калгариде өткен Әлем кубогінің үшінші кезеңінде 1500 метрде мәре сызы­ғын Михи Такагиден кейін кесіп, күміс жүл­дені иеленген болатын. Қола медаль Антуанетта де Йонгке бұйырған еді. Әлем кубогінің бесінші кезеңі 2023 жылдың 10-12 ақпаны аралығында Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында өтеді.