Түркияның Анталия қаласында ұйымдастырылған волейболдан әйелдер арасындағы клубтық әлем чемпионатында Қазақстанның «Қуаныш» клубы өз жанкүйерлерін қуанта алмады.
Биылғы Азия біріншілігінде жеңімпаз атанған Петропавлдыӊ «Қуанышы» әлем чемпионатында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған еді. Өкінішке қарай, жерлестеріміз топтық кезеңдегі екі турда да қарсыластарына жол беріп, әлем біріншілігін алтыншы орынмен түйіндеді. «Қуаныш» бірінші турда былтырғы әлем чемпионы Түркияның «VakifBank» командасынан 3:0 есебімен жеңілсе, екінші турда Бразилияныӊ «Minas» клубынан да дәл сондай есеппен жеңілді.
Турнирдің бас жүлдесін Италияның «Конельяно» командасы жеңіп алды. Олар финалда Түркияның «VakifBank» клубынан басым түсіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.