• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Желтоқсан, 2022

Халықтың көп бөлігі дәстүрлі БАҚ-қа сенеді - Ләззат Танысбай

462 рет
көрсетілді

Астанада өткен бірінші Орталық Азия медиа форумының сессиясында сөз сөйлеген «QAZAQSTAN» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай телевизия ақпарат жеткізу әдістерін өзгерткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жас ұрпақ теледидар өлді деп қателеседі. Бұл олай емес екенін айтқым келеді. Расында, телевидение өліп жатқан жоқ, тек аудиториямызға жеткізу әдістері ғана өзгеруде. Ғаламторда сенімді әрі көп көрерменге жол ашатын контенттің барлығы – тележүргізушілер дайындаған контент», дейді Ләззат Танысбай.

Сондай-ақ ол қазір көрермендер жаңалықтарды әлеуметтік желілерден көргенді ұнататынын айтты.

«Көрермендер күн сайын әлеуметтік желілерді көргенді ұнатады. Бірақ халықтың 54%-ы бұрынғысынша дәстүрлі БАҚ-қа сенеді. Теледидар бірінші орында, кәсіби веб-сайттар екінші орында, ал әлеуметтік желілер қазірдің өзінде үшінші орында тұр», деп қосты ол.