• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Хоккей 21 Желтоқсан, 2022

Плей-офф деңгейіне көтерілді

165 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» кезекті тур ойынын Нижнекамскіде өткізіп, жергілікті «Нефтехимиктен» басым түсті.

Шайбалы хоккейден халықаралық турнирлерге байланысты екі апталық демалысқа шыққан ҚХЛ командалары дүйсенбіден бас­тап тұрақты біріншіліктегі матчтарын жалғастыра бастады. Нижнекамскідегі «Нефтехим Арена» мұз сарайында өткен матчта Андрей Скабелка шәкірттері қар­сыластарын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, қа­та­рынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Сөйтіп, Астана командасы «Шығыс» конфе­ренциясының турнир кестесінде 8-орынға көтеріліп, плей-офф деңгейіне қайта оралды.

Кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін жергілікті хок­кейшілер өз үстемдігін жүргізе бастады. Соның арқасында айдын иелері матчтың есебін бірінші ашты. 33-минутта Ансель Галимов Юлиус Гудачек қорғаған қақпадан саңылау тапты. Ал үшінші кезеңде «Барыс» ойыншылары бәсекенің тізгінін өз қолына алды. Алдымен 42-минутта Майкл Шапю таразы басын теңестірсе, арада 12 минут өткенде Джереми Бракко елорда клубына басымдық сыйлады. Ойынның аяқталуына 53 секунд қалғанда Майкл Шапю екінші рет мергендігімен көзге түсіп, матчтың нүктесін қойды – 3:1.

«Барыс» келесі ойынын бүгін елордадағы «Барыс Аренада» Омбының «Авангард» клубымен өткізеді.