• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2022

Ақтөбеде жасөспірімді көлік қағып кетті

397 рет
көрсетілді

Екі күн ішінде Ақтөбе облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 4 жол апаты болды. Салдарынан 1 бала қайтыс болып, 4 бала жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 желтоқсанда Mitsubishi lancer көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өткен жасөспірімді соққан. 13 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша «Адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқаратын адамның жол ережесін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.