Жаңа жылдан бастап Қостанай қаласында қоғамдық көлікпен жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, енді қолма-қол ақшасыз жол жүру құны 100 теңгені, ал қолма-қол ақшамен жол жүру 170 теңгені құрайды.
Әділет министрлігі тарифті көтеру туралы тиісті қаулыны тіркеді.
Айта кетсек, қала маңындағы маршруттарда да жол жүру құны артады.
Қала маңындағы автобустарда төлем келесідей жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз 1 км үшін - 80 теңгеге 5 теңге қосылады. Мәселен, Тобылға дейін 2 шақырым, қорытынды сома - 90 теңге. Егер төлем қолма-қол ақшамен жүргізілетін болса, онда бұл жағдайда 1 км-ге 10 теңге қосылады. Алынған соманы 150 теңгеге және қажетті елді мекенге дейін жол жүру құнын қосу қажет. Мәселен, Тобылға - 170 теңге, Заречныйға - 190 теңге. Дәл осындай схема барлық қала маңындағы бағыттарға қолданылады.
Бұған дейін, Қостанайда жол жүру құны 2017 жылдан бері көтерілген жоқ.