• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Желтоқсан, 2022

Елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды

157 рет
көрсетілді

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы күшейтілген режимде жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігі хабарлағандай, 21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні қаладан 1 800-ден астам жүк көлігі шығарылды.

22 желтоқсан күні таңертең елордада қар мен мұзды тазалауға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника, соның ішінде самосвалдар, тиегіштер және басқалары шықты.

21 желтоқсаннан 22-сіне қараған түні елордадан 20 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1 800 ауыр жүк көлігіне тең.

Айта кетсек, қыс  басталғалы бері қала көшелерінен 749 мың текше метрден астам қар шығарылды, қар полигондарына 61 806 рейс жасалды.