• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2022

Жол жөндеу саласында 43 миллиард теңге ұрланғаны анықталды

295 рет
көрсетілді

Автомобиль жолдарын салу саласында 43,4 миллиард теңгеге ұрлық жасау фактілері анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның өкілі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгінде біз 43,4 миллиард теңгеге ұрлық фактілерін анықтадық. Олар бойынша тиісті тергеу жүріп жатыр», деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов.

Оның айтуынша, прокурорлар сегіз жобалау-сметалық құжаттаманы, 70 жалған сертификатты, стандарттарға сәйкес келмейтін 10 жағдайды әзірлеуге 600 миллион теңгенің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.

Сондай-ақ спикер мердігер ұйымдардан 600 миллион теңгеден астам сомаға тұрақсыздық айыбы өндірілмегенін, 7 миллиард теңгеге жуық сомаға дебиторлық берешек өтелмегенін атап өтті.

«Тиісті тексерулер әлі аяқталған жоқ, біз оларды келесі жылға жоспарлап отырмыз», деп қосты Сапарбек Нұрпейісов.