• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Абай 23 Желтоқсан, 2022

Абай – түркі әлемінің пошта маркасында

267 рет
көрсетілді

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гүнай Эфен­диевамен кездесті. Тарап­тар кездесу барысында осы халықаралық ұйым­ның қызметі мен даму келешегін талқылады. Бұл саладағы қызмет түркі елдерінің өзара іс-қимылының негізін құрайтын уағдаластық пен өзара қолдау рухына сай келеді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түр­кі тілдес мемлекеттер арасын­дағы ынтымақтастыққа зор маңыз беріп отыр. Түркі әлемі ХХІ ғасырдағы ерекше экономикалық аймақтардың біріне айналып келеді. Қазақстан Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы құрылуының бас­тауында тұр. Қазіргі кезде түркіаралық диалогте Қазақ елінің орны елеулі және көп тарапты күн тәртібін жүзеге асыруға зор үлес қосып келеді», деп атап өтті төрағаның орынбасары.

Қор президенті Қазақ­­­стан­дағы саяси жүйені транс­фор­мациялауға және азамат­тардың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған стра­тегиялық ре­­­­формаларды жо­ғары баға­лап, Қазақстан түркі әлемін нығайтудағы маңызды әріптес­тердің бірі екенін атап өтті. Қордың басшылығы атынан нәтижелі ын­тымақтастығы үшін алғыс айтты.

Гүнай Эфендиева Қазақ­стан мен  түркі әлемінің көр­некті тұлғасы, дана ақын  Абай Құнанбайұлының 175 жыл­­дығына орай халықаралық аудиторияға арнап Қордың қол­дауымен шығарылған пошта маркасын таныстырды.