2022 жылдың 20 желтоқсанында Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR-ға сілтеме жасап.
Осылайша, Түменбаева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетсек, сотталушы «Good Zhem» ЖШС басшысынан азаматтық іс бойынша оң шешім шығару үшін 1,5 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алған.
Осы үкіммен ЖШС басшысы Пак мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, пара беруге оқталғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.