Зардап шеккен 2 және 4 жастағы екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының ақпараты бойынша, шақыру 23 желтоқсанда сағат 12:48-де Қалқаман кентінен келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы 6 минуттан кейін келді.
«2018 жылы туған ұл бала мен 2020 жылы туған қыз бала жабық ми жарақатын алды. Қазір балалардың жағдайы тұрақты», деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.
Екі бала да травматология бөлімінде жатыр.