• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 24 Желтоқсан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

240 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент бауырлас Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы талқыланды.

Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына оң баға берді.