Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR баспасөз қызметі нақтылағандай, Мәсімовтің өзіне және орынбасары Д.Сиразидимов пен кәсіпкер Е.Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген айып тағылды.
Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.
Сондай-ақ оларға арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылды.
Айта кетсек, осы жылдың 22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.