Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында рапид және блиц шахматтан кезекті әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Жарыстың екінші күнінен кейін тек екі отандасымыз ғана ТОП-10 шахматшының қатарынан көрінді.
Ерлер арасындағы алғашқы екі турдан кейін норвегиялық даңқты шахматшы Магнус Карлсен жеке-дара көш бастап тұр. Ал қазақстандық шахматшылардан ең үздік нәтиже Әлішер Сүлейменовке тиесілі. Ол рейтингте 38-орында келеді.
Ал қыздар арасындағы бәсекеде алғашқы орынды үш спортшы өзара бөлісіп тұр. Олар: қытайлық Тань Чжунъи, ресейлік Александра Горячкина және үндістандық Савита Шри. Жерлестерімізден Жансая Әбдімәлік (8-орын) пен Динара Сәдуақасова (9) ғана ТОП-10 шахматшының қатарында. Жылдам шахматтан былтырғы әлем чемпионы Бибісара Асаубаева болса, екі ойыннан кейін рейтингте небәрі 54-сатыға жайғасқан.