• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Желтоқсан, 2022

Ақтөбе облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады

255 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жол апатынан мектеп автобусының жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

28 желтоқсан күні кешке Ақтөбе-Астрахань тасжолында мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан шығып бара жатып, негізгі жолмен келе жатқан көлікке жол бермей, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Алған жарақаттарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобуста жүргізушіден басқа ешкім болмаған. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар