• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Желтоқсан, 2022

Таразда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды

221 рет
көрсетілді

Таразда пластик шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылды. Полицейлер баланың анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Тараз қалалық полиция басқармасының 2-полиция бөлімінің кезекші бөліміне Байзақ кентіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластик шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.

«Мәйіт Жамбыл облыстық мәйітханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүріп жатыр», деп толықтырды полицейлер.