• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Желтоқсан, 2022

Мереке күндері шекарада өткізу пункттері жұмыс істемейді

300 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 1, 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

«Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.