• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Футбол 30 Желтоқсан, 2022

Бразилияда аза тұту күні жарияланды

230 рет
көрсетілді

Бразилия президенті Болсонаро футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты 29-31 желтоқсан аралығын қаралы күн деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарлық ел үкіметінің сайтында жарияланған.

«Футболшы Пеле Эдсон Арантес ду Насиментоның қайтыс болуына байланысты қайғының белгісі ретінде осы Жарлық жарияланған күннен бастап бүкіл елде үш күндік ресми аза тұту жарияланды», делінген жарлықта. 

Үш дүркін әлем чемпионы 29 желтоқсанда 82 жасында қайтыс болды. Пелемен қоштасу рәсімі футболшы өзі ойнаған «Сантос» футбол клубының стадионында өтеді. Футбол аңызы Гиннестің рекордтар кітабына енген тік зиратқа жерленеді.