Бүгін «Талдықорған-Үштөбе» тасжолының 10 шақырымында «Фольксваген Гольф» автокөлігі жол апатына ұшырады. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, 42 жастағы жүргізуші көліктің рулін басқара алмай, жол жиегінен шығып кеткен. Оқиға орнында көлік жүргізушісі мен автокөліктегі 35 жастағы әйел жолаушы қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.