• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қаңтар, 2023

Қызылорда облысында 18 қылмыс тіркелді

325 рет
көрсетілді

Жаңа жыл түні Қызылорда облысында 18 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 8 қылмыс ашылды. Облыс бойынша барлығы 429 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz Telegram арнасы таратқан мәліметке сәйкес, облыс бойынша барлығы 429 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда мас күйде болған - 17 тұлға, түнгі тыныштықты бұзған - 18 адам.

«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жылдамдықты шамадан тыс асырған -  34, жаяу жүргіншілерге жол бермеген - 7 жүргізуші анықталып, тиісті әкімшілік шара қаралды. Сонымен қатар мас күйінде көлік тізгіндеп, жол ережесін бұзған жүргізушілер де жауапқа тартылды. Жеке құраммен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде төтенше жағдайға жол берілген жоқ», деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев.