• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қаңтар, 2023

Алматыдағы көпқабатты үйден 75 адам эвакуацияланды

216 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы 18 қабатты үйдің төртінші қабатында өрт орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖД мәліметтері бойынша, 3 қаңтарда сағат 10:13-те өрт сөндірушілер Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үй, 4-блок мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі шақыруға шықты.

«Қабылданған шаралармен өрт 10:44-те оқшауланды, 10:59-да толық жойылды, бесінші қабатқа өрттің таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. ТЖД-ның 43 қызметкері мен 11 техника шықты», деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.