Арқалық қаласы полиция басқармасының мәліметінше, бүгін сағат 14:03-те Арқалық-Торғай тас жолында бес автокөлік соқтығысқан.
«Алдымен «Тайота» көлігі «Ниссан» автокөлігімен соқтығысқан, содан кейін тағы үш автомобильдің соқтығысуы орын алды», деді полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
Нәтижесінде «Ниссан» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ЖКО салдарынан 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.